25.07.2025, 18:00
Оқылды: 131

Баспана бағасы: Құрылыс компанияларына жаңа салық салынады

Күз мезгілі тұрғын үй нарығында белсенді кезең болып саналады. Пәтер сатып алу мен сату мәмілелері жиілеп, әсіресе ірі қалаларда құрылыс қарқыны мен сұраныс күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

CU5h52BCYa6nw6kOx9JqKgS4OOE3OQFORnkfhedX.jpg_width=1200Xheight=autoXtype=1
 Сурет: baq.kz

2026 жылдан бастап жаңа салынған пәтерлерді сату кезінде құрылыс компаниялары қосымша құн салығы ретінде 16% төлеуге міндеттеледі. Қосымша құн салығы пәтер сатып алуға қалай әсер ететінін экономист Айбар Олжайдан сұрадық.

- Күзде тұрғын үй нарығында белгілі бір белсенділік жүреді. Биылғы басты тренд – 2026 жылдан бастап іске қосылатын жаңа салық кодексі. Жаңа құрылыс компанияларына, жаңа салынған үйлерге сол уақыттан бастап сатқан кезде қосымша құн салығы 16% болады. Сондықтан енді пайдалануға берілетін үйлер 2026 жылдан бастап 16%-ға базалық бағасынан қымбат болады деп айтуға негіз бар, - деді сарапшы.

Кейбір құрылыс компаниялары нарықтан кетуі мүмкін

Айбар Олжайдың айтуынша, бұл өзгеріс әсіресе шағын құрылыс компанияларына әсер етуі мүмкін.

- Тұрғын үй бағасының төмендейтініне өте үлкен күмән бар. Баға екінші қолданыста болған үйлер нарығында да, жаңа нарықта да өсе бастайтын анық. Себебі, біріншісі кіші құрылыс компаниялардың көбісі нарықтан кетуі мүмкін. Ірі құрылыс компаниялары бағаны қымбаттатады. Белгілі бір дәрежеде дәл осы тұрғын-үй құрылысының ірі қалалардағы қарқыны азаюы мүмкін,- дейді ол.

Ипотека бар жерде баға өседі

Елімізде баспана алуға қатысты ипотекалық бағдарламалар аз емес. Олар:

  • мемлекеттік;
  • коммерциялық банктер ұсынатын;
  • құрылыс компанияларының бөліп төлеу жүйелері бойынша бөлінеді. Сарапшының айтуынша, ипотекалық бағдарламалар да бағаның өсуіне әсер етеді.

- Жалпы арзан ипотека кезінде бағаның өсуіне белгілі бір дәрежеде әсер етті. Ол сұранысты күрт арттырды. Құрылыс компаниялары тарапынан олардың үйлеріне көп сұраныс болғандықтан бағаны көтере бастады. Жалпы ипотеканың бағаға әсері сұраныстың артуынан келеді. Адамдардың бәріне үй алуға мүмкіндік береді. Адамдар сол мүмкіндікті пайдаланғысы келіп үйлерді іздей бастайды. Құрылыс компаниялары сол кезде бағаны көтере бастайды. Белгілі бір шеңберде жұмыс істейді. Ипотека арзан және халыққа қолжетімді болған сайын тұрғын-үй бағасы қымбаттай түсетіні дәлелденген, - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале