14.08.2020, 17:26
Оқылды: 43

Баспаналы болар күн жақын

Орал қаласындағы Зашаған кенті Саратов тас жолы бойында салынып жатқан №47 дақ көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.  

BC709C87-C46C-4E76-B52B-A4CFB75829AD

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан үйдің құрылысы өткен жылы тамызда басталды. Бұл баспана жергілікті атқарушы құрылымдарда кезекте тұрғандарға арендаға беріледі. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер, жетімдер, көпбалалы отбасылар мен бюджет қызметкерлеріне арналған.

– Тұрғын үйді қыркүйек айында тапсыру жоспарланып отыр. Жоба құны республикалық және жергілікті бюджетті қосқанда – 2 млрд. теңге. Құрылысқа 90 пайыз қазақстандық өнім қолданылуда. Темірбетонды панельдер жергілікті үй құрылысы компаниясы «Болашақ-Т» ЖШС-да шығарылған, – дейді Орал қаласының құрылыс бөлімі секторының меңгерушісі Алтай Молдағалиев.

D623DE04-3234-4CFC-8B49-1C58E6EDD775

Мердігер «Болашақ-Т» ЖШС-ның прорабы Жандос Айтмағанбетов айтып өткендей, құрылыстың 90 пайызы бітіп тұр. Қазір ішкі әрлеу, линолеум төсеу жұмыстары жүруде. Тоғыз қабатты үйде 5 подъезд, 198 пәтер бар. Оның 81-і бір, 99-ы екі және 18-і үш бөлмелі пәтерлер. Құрылысқа авторлық қадағалаушы – «ГазПромПроект» ЖШС.

– Әр подъезге екі жеделсаты (лифті) қарастырылған. Жолаушы және жүк таситын жеделсаты 630 келіге дейін көтереді. Бүгінде орнатылмаған екі подъездің лифтісі қалды. Біз құрылыс басында жүріп, қандай да бір кемшілік болса, сол бойда ескертудеміз. Кафель төсеу, жарды тегістеу секілді ішкі жұмыстарда аздаған кемшілік кездесіп, қалпына келтірді. Бірақ өрескел кемшілік жоқ, – дейді техникалық қадағалаушы, «СтройИнтеграция» ЖШС өкілі Тимур Молдашев.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале