29.01.2025, 16:00
Оқылды: 71

Басты ұстаным – отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу

Ақпан айының бірінші бейсенбісі – дүниежүзілік сайлау күні. Бұл айтулы күнді атап өту туралы шешім 2005 жылы 1 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында қабылданғаны мәлім.

WhatsApp Image 2025-01-29 at 16.42.30
Сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бұл бастамасы кеңінен қолдау тапты. Қазақстан – аталған қауымдастыққа толыққанды мүше. Сондықтан дүиежүзілік сайлау күні қарсаңында елде ауқымды шаралар өтеді.

WhatsApp Image 2025-01-29 at 16.42.31

Мемлекетте әділ әрі ашық сайлау жүйесін құру – Президенттің басты реформаларының бірі. Елде отандық сайлау жүйесі осы үрдіспен дамып келеді.

WhatsApp Image 2025-01-29 at 16.42.29 (1)
Биыл дүниежүзілік сайлау күні 6 ақпанда аталып өтілмек. Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын насихаттауға, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында тәрбие сағаттарын өткізу, тақырып бойынша үздік эссе, әңгімеге байқаулар ұйымдастыру шаралары бастау алды.
Болашақ сайлаушылар санасында сайлау үрдісін жүйелеу, сайлау процесіндегі жаңашылдықтар туралы хабардар ету және демократиялық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Орал қаласының бірқатар мектептері мен колледждерінде «Сайлау және мен», «Жауапкершілік», «Менің таңдауым» тақырыбында сынып сағаттары өтуде.
Бұл шараларда ұстаздар жоғары сынып оқушыларына сайлау ұғымы, азаматтардың құқығы, сайлау жүйесі және мемлекеттік билікті калыптастырудағы сайлаудың рөлі туралы түсінік беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беруде.
Аталған тақырыптағы шаралар Асан Тайманов атындағы №34 және Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназияларында, №7 мектепте, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде ұйымдастырылды.

Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале