19.12.2023, 9:30
Оқылды: 46

"Басында үлкен тесіктер болды". Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының өліміне қатысты бірнеше деректі бөлісті

Астанадағы мейрамханалардың бірінде адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов оқиғаға қатысты тағы да бірнеше деректі "Ертысбаев Live" youtube арнасына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

9d93d0f8-afb9-4072-9aec-be5128bbc9b5

Фото: instagram/_salta_n

Оның айтуынша, қарындасын жуындыруға кіргенде оның денесі адам шошырлық болған.

"Бұл туралы айту өте қиын. Бишімбаевтар отбасының қандай мүмкіндіктері бар екенін жақсы білеміз. Сол үшін суреттер өзімізде де болуы тиіс деп жуындыруға кірген кезде бүкіл денесін суретке түсіріп алдық. Бас аймағында үлкен тесіктер болды. Өз көзіммен көрдім. Денесінің барлық жері көгерген. Егер сот немесе тергеу экспертиза шешімімен келіспесе, онда біз осы фото-видеоларды ұсынамыз", - деді Қайрат Нүкенов.

Редакция ұжымы бұл суреттерді жарияламауды жөн көрді. Сондай-ақ Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрайды.

"Бұған дейін оған ауыр айып тағылып сотталды, бірақ кешірім берілді. Міне, екінші рет ауыр қылмыс жасап отыр. Демек, пайдасы тимеді деген сөз. Сол үшін құқық қорғау орындарынан өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Себебі мұндай адам бостандықта жүрмеуі керек. Бірнеше жылдан соң қайта бостандыққа шықса, тағы да ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Мұндай адам қоғам үшін қауіпті", - деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале