19.03.2021, 9:06
Оқылды: 59

Батуттық гимнастикадан бас жүлде

Наурыз айының 13-18-і күндері Алматы қаласында батуттық гимнастикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 Батуттық гимнастикадан бас жүлде!

Жарысқа еліміздің тоғыз аймағынан 100-ден астам спортшы қатысты. Бірінші және екінші күн қорытындысы бойынша №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері алдыңғы лектен көрінді. 15-16 жас аралығындағы спортшылар арасында Алдияр Жұмақұлов батутта секіруден жеңімпаз атанса, Тимур Тынымов күміс жүлдеге ие болды. Акробатикалық жолда секіруден 12 жастағылар арасында Ислам Қабдолов озық шықты. 13-14 жастағылардан осы спорт түрінен Али Алигазиев қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыстың соңғы күнінде батутта синхронды секіруден Алдияр Жұмақұлов пен Тимур Тынымов күміс жүлде алды. Жас спортшылардың жетістікке жету жолында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері Тарих Қарабаев пен Альберт Тілепқалиевтің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале