Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) америкалық танымал былғары қолғап шебері Теренс Кроуфордпен (39-0, 30 КО) спарринг өткізді. Ол қазіргі таңда әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі.
Фото: massaget.kz
Мықты болу үшін, мықтылармен жаттығу керек. Бүгін тағы бір жақсы спарринг болды. Алдағы Эррол Спенспен болатын жекпе-жегінде оны құлатуға тырысам дейді. Сіздер қалай ойлайсыздар бұл жекпе-жек жайлы? – деп жазды боксшы.
Теренс Кроуфорд кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген. Шілде айында отандасы Эррол Спенспен жұдырықтаспақ. Екеуінің жекпе-жегін асыға күтіп жүрген жанкүйерлер жетерлік. Кроуфорд – жартылай орта салмақта WBO белбеуінің иегері, ал Спенс болса бұл салмақта IBF, WBC және WBA атақтарына ие. Жеңгені абсолютті чемпион атанады.
Ө. Сансызбай,
massaget.kz