18.12.2021, 14:30
Оқылды: 39

Батыр Жүкембаев оппонентін 1 минутта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісінен кейін араға жарты жыл салып, рингке оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

211218094139a3875545d
Ол Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-10, 20 КО) қолғап түйістірді.

Бірінші жартылай орта салмақтағы айқас 6 раундқа есептелген болатын және ол Жүкембаевтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы жекпе-жектің 1-інші минутында-ақ оппонентін алдымен, нокдаунға, іле-шала нокаутқа жіберді.

Осылайша, Б.Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп, биылғы мамырда пуэрториколық Сабриэль Матиастан (17-1, 17 КО) болған жеңілісін «жапты». Ол кезде Жүкембаев 8-інші раундтан кейін айқасты жалғастырудан бас тартқан еді.

Хуан Хосе Мартинеске келсек, бұл оның профибокс мансабындағы 11-інші жеңілісі.

Еске салайық, кеше Б.Жүкембаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған едік. Кештің басты айқасы ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16КО) арасында өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале