7.12.2016, 9:14
Оқылды: 61

Батысқазақстандық кәсіпкерлер - «Парыз» байқауының жеңімпаздары  

 

 pariz2016Арқа төріндегі Астанадан ақжолтай хабар жетті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2008 жылдан бері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе ұйымдастырып келе жатқан «Парыз» байқауының биылғы жеңімпаздарының қатарында батысқазақстандық үміткерлер топ жарып, жеңімпаз атанды.


 

"Атамекен" ҰКП сайты қазақ редакциясының журналисі Қарлыға Мырзалимованың мәлімдеуінше, биыл байқаудың бас жүлдесін корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ұстанымдарын жүзеге асыруда және күнделікті жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорын ретінде Батыс Қазақстан облысынан «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамы еншіледі. Мұндай жоғары марапат түрін «Ақсайгазсервис» АҚ президенті Тілек Шектебаевқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыстады.

Компания жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға 25 млн. теңгеге дейін қаржы бөліп, білім беру, мәдениет мекемелеріне тұрақты қолдау көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып келеді.

Қазақстан Президенті жас кәсіпкерлерді талмай еңбек етіп, биік белестерді бағындыруға ынталандырып, асқақ идеялар арқылы ел тыныс-тіршілігін гүлдендіруге шақырды.

Өңіріміздің мерейін көтеріп тастаған тағы бір марапат - «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша орта кәсіпкерліктен Батыс Қазақстан облысының «Тасқала аққу» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, Елбасының идеясымен кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қоғамды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамытуға қосқан ерікті үлестері үшін табысталып келе жатқан сыйлықты иеленуге биыл республикадағы 501 кәсіпорын ниет білдірді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына 2008 жылдан бері шағын, орта және ірі бизнес санатынан 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысып, бақ сынаған.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале