20.12.2016, 12:20
Оқылды: 99

Батысқазақстандықтар жеңіспен оралды

 batys%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-zhe%d2%a3ispen-oraldy Батысқазақстандық каратэшілер Тольятти қаласында Достық кубогы үшін өткен бүкілресейлік турнирде табысты өнер көрсетті.

  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа 56 команда құрамында 800 спортшы қатысып, бақ сынады.


  Облысымыздан барған 10 каратэшінің жетеуі жүлдеге ілікті. Әсіресе, Арсен Құлов айрықша көзге түсіп, бес кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол финалда ғана татарстандық спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдені иеленді.

  Сондай-ақ Нұркен Хамидолла 45 кг салмақта күміс, Сара Ахметжан мен Бекарыс Елемесов қола жүлдеге қол жеткізді. 76 кг салмақта тағы бір батысқазақстандық Дәурен Ілиясов екінші орынға көтерілді. Ал 55 кг самақта финалда батысқазақстандықтар Әсет Мағалимов пен Дархан Темірәлиев өзара кездесті. Бұл жекпе-жекте Ә.Мағалимов басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале