Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 86,7 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.
БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғыдан 5,4 пайызға артық.
Жыл ішінде 1454 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 1365-і - тұрғын үйлер. Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына 19,4 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, бұл 2015 жылғыдан 7,2 пайызға көп. Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы алаңы 234,3 мың шаршы метр тұрғын іске қосылып, өткен жылғыдан 16 пайызға асып түсті. Соның ішінде тұрғындар қаражатына 160,3 мың шаршы метр, республикалық бюджет есебінен 36,7 мың шаршы метр жалға берілетін және кәсіпорындар қаржысына 37,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйлер салынды. Тұрғын үйлер, әсіресе, Орал қаласында, сондай-ақ Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Теректі, Шыңғырлау аудандарында көбірек бой көтеруде.
Елжан Ералы