20.12.2023, 12:00
Оқылды: 89

Батыс Қазақстан мемлекеттік архивіне 100 жыл толды

Биыл Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивіне 100 жыл толды. Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында мерейтойға орай «Батыс Қазақстан облысының тарихы архив құжаттарында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

DCE9D149-D81A-4240-8599-1DB8C41E6602

Фотоға түсірген: Мәди Салық

Алдымен қонақтар «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің тарихы» атты көрмемен танысты.

Халықаралық конференцияға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей елдерінен қонақтар, сонымен бірге, республика аумағындағы архив саласы мамандары мен өлкетанушы, тарихшы мамандар да қатысуда.

16831F2B-CE07-4FF0-A791-9603B250DEAC

Сонымен қатар 100 жылдық аясында қатысушылар Орал қаласының көрнекі жерлерімен танысып, қала музейлеріне экскурсия жасайды.

«Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығына» саяхат жасайды.

798669CF-B51D-4178-950F-0CF8A1517412

Тоқтала өтейік, Қазақстандағы алғашқы архив ісі Батыс Қазақстан облысындағы Ішкі ордада 1794 жылы ұйымдастырылған «Бөкей архивінен» бастау алады.

Ал Ақжайық өңіріндегі мемлекеттік архив қорының қалыптасуында Орал губерниялық атқару комитетінің Президиумы 1923 жылдың 15 мамырында өз бөлімі құқығындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын губерниялық архив бюросын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдайды.

EDC2FF47-36EA-4E93-8572-73D94FBE8DAB

Облыстық архив қорының реестрі Орал губерниялық статистикалық бюросының қорынан бастап ашылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале