13.12.2023, 19:00
Оқылды: 18

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып Таткен Ерхан Ерланұлы тағайындалды.  

IMG-20231213-WA0172

Ерхан Таткен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының облыстық филиалында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған. Одан кейін «Хабар» агенттігінде журналист болды.

2016-2020 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар, ҚР Қоғамдық даму министрліктерінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

2020 және 2023 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде баспасөз қызметінің басшысы, содан кейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры- Министрліктің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Тағайындалғанға дейін квазимемлекеттік секторда қоғаммен байланыс (PR) бағыты бойынша жұмыс істеді.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале