Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы, 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» № 22-ПГВр қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары 2020 жылғы 2 тамызға дейін ұзартылсын.
1-тармақтың 1.6-тармақшасы және 1-тармақтың 1.7-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметін және қоғамдық көлік жұмысын демалыс күндері 2020 жылғы 18 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 19 шілде сағат 00.00-ге дейін, 2020 жылғы 25 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 26 шілде сағат 00.00-ге дейін, 2020 жылғы 01 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 02 тамыз сағат 00.00-ге дейін тоқтата тұру.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев