Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып Мәди Нәбиұлы Сарпеков тағайындалды.
Мәди Сарпеков 1979 жылы дүниеге келген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Астана қаласы, Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Астана қаласы прокуратурасында қызмет атқарған.
2002-2005 жылдары аралығында Бас Прокурордың орынбасарының көмекшісі, Бас Прокурордың көмекшісі болған.
2005-2017 жылдар аралығында Алматы облысының Кербұлақ, Райымбек, Іле аудандарының прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.
2017-2020 жылдарда Алматы облысы прокуратурасының Аппарат басшысы болды.
Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Жанұялы, төрт бала тәрбиелеуде.
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале