26.07.2021, 11:47
Оқылды: 39

Батыс Қазақстан облысы ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына өтеді

Облыстың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 24 шілдедегі қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы қаулысына сәйкес қалалық және аудандық ХҚО бөлімдері мен Орал қаласындағы мамандандырылған бөлім 2021 жылдың 26 шілдесінен бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді.

WhatsApp Image 2021-07-26 at 11.30.34

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері аталған ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын ала брондау арқылы қабылдайды.

Сондай-ақ ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді.

ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @egovkzbot2.0 телеграм-бот арқылы брондауға болады.

Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале