27.03.2025, 9:00
Оқылды: 73

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек келді

Энергетика вице-министрі өңірдің мұнай-газ өндіруші және барлау компанияларымен кеңес өткізді, деп жазады Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

4a2e2aadb095d2325dcec210213ae1b9_1280x720

Кездесу барысында Қ.Арымбек жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтау және жобалық шешімдерді орындау бойынша компаниялардың бірінші басшыларының ақпаратын тыңдады. Тепловское-Токаревское және Каменское («Позитив Инвест» ЖШС) кен орындарын өнеркәсіптік игеруге енгізу мәселелері талқыланды, олардың игерілуі шамамен 100 млн АҚШ долларына инвестициямен 2026 жылдың екінші жартысында күтілуде. Барлау компанияларына геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі айтылды. 2031 жылға дейінгі жұмыстардың минималды сбағдарламасына сәйкес жиынтық инвестициялары шамамен 6 млрд.тг құрайтын 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау көзделген.

Сондай-ақ, «Corporate Project Solutions» ЖШС-ның Ростошинское кен орнын өндіру кезеңіне көшіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы атап өтілді.

110b9f050ab6a116aa55039780a38534_1280x720

Сурет: gov.kz

Жұмыс сапары аясында энергетика вице-министрі «Ural Qil&Gas» ЖШС «Рожковское» кен орнына және «Жайықмұнай» ЖШС Чинаревское мұнай-газ конденсаты кен орнына барды.

Рожковское кен орнында Энергетика вице-министрі кен орнын жайластыру жобасының бірінші кезеңінің объектілерімен танысты. Бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, кен орнын игерудің екінші кезеңі 2027 жылдан 2026 жылға ауыстырылды. «Жайықмұнай» ЖШС Чинаревское мұнай-газ конденсаты кен орнында Энергетика вице-министрі кен орнын жайластыру объектілерімен танысты және газ тасымалдау жүйесіне, сондай-ақ газды кешенді дайындау қондырғыларына (ГКДҚ-1,2,3) барды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале