17.04.2022, 9:41
Оқылды: 5

Батыс Қазақстан облысында 35 ауылға ауызсу тартылуда

Батыс Қазақстан облысында 35 ауылда ауызсумен қамту жүйесі тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

190927164822905e

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің мәлім еткеніндей, соның 11-і бойынша жұмыстар 2021 жылы басталса, 24-і – жаңа жобалар.

Атап айтқанда, Ақжайық ауданында 1 (Чапаев ауылы), Казталовта 7 (Жаңатаң, Беспішен, Ордабасы, Жас, Әбіш, Сатыбалды, Оразғали), Қаратөбеде 1 (Шалғын), Бәйтеректе 4 (Махамбет, Жаңатаң, Өркен, Зеленый), Теректіде 4 (Талпын, Абай, Барбастау, Магистральный) және Сырымда 7 (Бұлан, Жамбыл, Алғабас, Қарағанды, Қособа, Жырақұдық, Көздіқара) жоба жүзеге асырылуда.

Ә.Антазиевтің сөзіне қарағанда, осы мақсатқа 7,4 млрд теңге қарастырылған.

«Өткен жылы құрылыс нысандарындағы қоғамдық бақылау оң нәтиже берді. Биыл да ауыл тұрғындары осы іске белсене араласып, өздері көрген бұзушылықтар туралы хабарлап отырса, жақсы болар еді. Жыл соңында 26 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамту жоспарлануда. Сонда ауыл тұрғындарын сумен қамту 92 пайызға жететін болады»,- деді Ә.Антазиев.

Батыс Қазақстан облысында барлығы 416 елді мекен болса, өткен жылдың аяғына дейін соның 245-іне (283 мың адам) орталықтандырылған су көзі жеткен еді. Жалпы, 2025 жылға дейін барлық ауылды сумен қамту көзделіп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале