15.03.2026, 8:42
Оқылды: 16

Батыс Қазақстан облысында 55 жастағы ақжаулықты әже алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Батыс Қазақстан облысында бүгін республикалық референдум өтіп жатыр. Өңірде 446 мыңнан астам азаматтың дауыс беруіне мүмкіндік бар. Таңғы сағат 07:00-де облыстағы барлық референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.

7e91d8d3-dac6-4d86-9b94-928743819e40

Учаскеге алғашқылардың бірі болып келген жастағы Орынша әжей өз таңдауын жасады. Орал қаласының тұрғыны референдум күні алғашқы болып бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, шашу шашып, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.

- Бірлік әрқашан маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқанда өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы – келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, — деді әже.

Айта кетейік, өңірде 489 референдум учаскесінде 446 391 азамат дауыс беруге құқылы. Дауыс берушілер саны мыңнан асатын 199 учаскеде онлайн сервис қызметі, ал облыс орталығындағы 5 учаскеде азаматтарды тіркеу сервистері ұйымдастырылған.

Сонымен қатар дауыс беру құқығын беретін 4464 есептен шығару куәлігі дайындалып, 27 ақпаннан бастап таратылуда. Бүгінде аудандар мен Орал қаласында Орталық референдум комиссиясының ақпараттық баннерлерін орналастыру үшін 260 орын белгіленген.

Облыс бойынша жарғылық қызметінде сайлауды байқау қарастырылған 23 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым аккредиттелген. Бұл туралы БҚО аумақтық референдум комиссиясы хабарлады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале