Кеше сағат 09:00 уақыт шамасында Жымпиты-Қаратөбе автожолының 75-км-де жол апаты орын алды. «Лада-2114» маркалы автокөлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші масаң күйде рөлге ие бола алмай аударылған. Бұл жөнінде БҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
“Жол апаты салдарынан «Қ» есімді 2016 жылғы қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада көз жұмды. Жүргізуші дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді, - деп атап өтті БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Ибрайымов Олжас Әзімбекұлы.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz