11.12.2025, 16:15
Оқылды: 9

Батыс Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

19a5550b-689c-436f-97a4-c1ac6bb4b7cc

Кеңестің жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Осылайша, күн тәртібіне сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп талаптарының сақталуы мәселесі бойынша Бөкейордасы ауданы әкімі Н. Даумовтың және Қаратөбе ауданы әкімі Қ. Сүйеуғалиевтің есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, отырыста Департаменттің талдау және мониторинг бағытында жүргізілген жұмыстанының нәтижелері қаралды.

Осылайша, 2025 жылдың 11 айы бойынша жергілікті атқарушы органдарда әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне жасалған талдау нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта әдеп бұзушылық фактілеріне көңіл аударылып, Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардағы әдеп мәдениетін нығайту, алдын алу шараларын күшейту және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 9 айында мемлекеттік органның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы немесе құрылымдық өзгерістер кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау нәтижелеріне қаралып, аталған процестер кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылмауының маңыздылығы атап өтілді.

Бұдан бөлек, Кеңес отырысы барысында облыстық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін оқыту мәселелері қаралды. Кеңеспен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау процестерінің мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолында ерекше маңыздылығына көңіл аударылды.

Соған қоса, қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша Бәйтерек және Бөрлі аудандары мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материал қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, өңірлік Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсалов: «Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік аппаратқа қоғамның сенімін арттыру. Бұл бағытта нақты бұзушылықтарды қараумен шектелмей, оның алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстарды күшейтуіміз қажет», - деп айтты.

Кеңес жұмысы мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

 

                                       Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                                   Батыс Қазақстан облысы бойынша

                                       департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале