5.08.2025, 17:45
Оқылды: 262

Батыс Қазақстан облысында екі ауыл тұрғыны заңсыз қару және есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сырым ауданының ауылдарының бірінің екі тұрғыны заңсыз қару мен есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды.

WhatsApp Image 2025-08-05 at 18.47.31

Күдіктілердің тұрғын үйлеріне жүргізілген тінту барысында келесі тыйым салынған заттар тәркіленді:

Бірінші күдіктіден:

тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық;

нарезді қаруға арналған 4 оқ-дәрі;

тегіс ұңғылы қаруға арналған 2 оқ-дәрі;

қорада жасырылған жасыл түсті, ұнтақталған өсімдік тектес (есірткі затына ұқсас) 500 грамнан астам зат;

WhatsApp Image 2025-08-05 at 18.47.28

6 қолданылған шприц пен пластик бөтелке (есірткі қолдануға арналған болуы мүмкін).

789

Екінші күдіктіден:

үй ішінен табылған газетке оралған өсімдік тектес зат;

ауладан табылған үш пакет өсімдік тектес зат;

өсімдік заты бар үш шприц;

WhatsApp Image 2025-08-05 at 18.47.30 (1)

есірткіні дайындауға және тұтынуға арналған арнайы құрылғылар.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген заттарға сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

WhatsApp Image 2025-08-05 at 18.47.28 (1)

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті «Заң және тәртіп» қағидасы аясында заң бұзушылықтарды анықтау, есірткі қылмыстарының алдын алу және қарудың заңсыз айналымын әшкерелеу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале