8.08.2025, 9:45
Оқылды: 220

Батыс Қазақстан облысында экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілді

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді. Атап айтқанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі жазды.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 10.43.55

Сурет: telegram.org
Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарттар жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, ал Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су жеткізуге 72 келісімшарт жасалды.

«Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мен табиғи шабындықтарды суару экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», – деді БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале