4.11.2021, 15:12
Оқылды: 33

Батыс Қазақстан облысында электр қуатын өндіру 4,1 пайызға өсіп отыр.

Батыс Қазақстан облысында электр қуатын өндіру 4,1 пайызға өсіп отыр.

37

БҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Миржан Нұртазиевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, биылғы тоғыз айда 1682,8 млн кВт сағат электр қуаты өндірілді.

Оның сөзіне қарағанда, облыс қажеттілігі – 1702,1 млн кВт сағат. Жыл басынан бері Ресей Федерациясынан 30,2 млн кВт сағат (1,7 пайыз) және «KUS» ЖШС-дан (Атырау) 79,1 млн кВт сағат электр қуаты жеткізілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, электр қуатын өндіру 104,1 пайызды құрап отыр.

«Өңірде толық энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жалғасатын болады. Алдағы жылы Орал жылу-электр орталығында турбоагрегатты 12 МВт-ға ауыстыру есебінен электр қуатын өндіру молая түспек.

Сондай-ақ 2025 жылы «Батыс Пауэр» ЖШС газтурбиналы электр стансасының екінші кезеңі (қуаты 390 МВт) іске қосылмақшы. Бұл облыстың дамуы, жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар үшін қуат көздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді М.Нұртазиев.

«Батыс Пауэр» ЖШС-ның қуаты 100 МВт газтурбиналы электр стансасы 2016 жылы іске қосылған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале