30.03.2024, 14:30
Оқылды: 83

Батыс Қазақстан облысында эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ТЖМ № 28327 әскери бөлімі, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және ҚР Ішкі істер министрлігінен 931 адам, 297 бірлік техника, сондай-ақ, ТЖД және ЖАО-дан 96 бірлік мотопомпа жұмылдырылды, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Орал су 2024
25 наурыздан облыс бойынша 529 мың текше м. еріген су сорылып, 53930 дана инертті материалдармен қаптар төселді.
Қардың қарқынды еруі және жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде еріген және жаңбыр сулары, сондай-ақ кәріз ағындары нәтижесінде барлығы 460 тұрғын үй су астында қалды.
Батыс Қазақстан облысына көмекке келген Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіруші-құтқарушылары қазіргі уақытта Бөрлі ауданындағы су тасқыны кезеңін жоюға толық жұмылдырылған.
ҚР ТЖМ № 28327 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам Сырым ауданындағы құтқару жұмыстарына тартылған болатын, қазіргі уақытта олар Орал қаласына келіп, қаптарды инертті материалмен толтырып, төсеуге тартылды.
Шыңғырлау өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты елдімекендерді су басу қаупі туындады, қазіргі уақытта Бөрлі ауданының Ақсу және Кеңтүбек ауылдарында 251 адам эвакуацияланды.
Батыс Қазақстан облысына жағдаймен жеке танысу үшін вице-министр Ерлан Нұрпейісов келді. Ұшу жүргізіледі.
Жұмыс жалғасуда.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале