16.04.2020, 10:50
Оқылды: 13

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам анықталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев хабарлады.

C7933A5F-B819-4DE0-822F-D4957CF40FCE

- Бесеуі де Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Бірінші жағдайда науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген.

Екінші азамат коронавирусқа шалдыққан науқаспен байланыста болған адам ретінде тіркелді.

Соңғы үш жағдай бойынша анықталған науқастар Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейді.

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" бекетінде СКП қызметкерлерімен сауалнама толтырылып, байланыссыз термометриямен тексеру кезінде екеуінде дене қызуының көтерілуі байқалды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін жедел жәрдем көлігі шақыртылып, карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 5 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

16.04.2020 жылғы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 25 адамға жетті, - деді Н.Мұстаев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале