22.07.2021, 11:34
Оқылды: 19

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай

Індет басталғалы Батыс Қазақстан облысында COVID-19 29 128 жағдайы тіркелді, оның ішінде 22 502 науқас ауруынан жазылып шықса, 481 адам қайтыс болды.

E32E3D05-9EA6-498E-8B3A-27EC6ACCF22A

Облысымызда 18 бен 21 шілде аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 754 жағдай тіркелген, оның ішінде 551 жағдайда ауру белгілері бар болса, 203 жағдайда ауру белгілері жоқ.

Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 488 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 116 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 147 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 3 адамда анықталды.

Ақпарат БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале