7.08.2025, 20:00
Оқылды: 125

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

WhatsApp Image 2025-08-07 at 11.32.13

Мемлекеттік корпорацияның БҚО бойынша филиалының жауапты қызметкерлері, Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы және аудандық әкімдіктер мен Орал қаласы әкімі аппаратының басшылары онлайн форматтақатысты.

Жұмыс тобының отырыстары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, қолжетімділікті және ашықтығын арттыру мақсатында  тұрақты түрде өткізіледі.

Күн тәртібіне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қашықтықтан бақылау нәтижелері, Бөкей ордасы ауданында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Отырыста мемлекеттік қызметтерді көрсетумерзімдерінінің сақталмау себептері және оларды жою, ақпараттық жүйелерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Департаментбасшысы, жұмыс тобының төрағасы М.Байсалов мемлекеттік қызмет сапасын қызмет көрсетушілердің жұмыс тиімділігі және бизнес процесстерді оңтайландыру жолымен арттыруға болатынын айтты.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, келесі отырысқа дейін олардың орындалуы бақылауға алынатындығы мәлімделді.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале