15.11.2024, 13:00
Оқылды: 87

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеуін азайту шаралары қабылдануда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек тиімділігін арттыру және қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеуін азайту бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

ЖП, әкімдік акимат

Бүгінгі таңда артық жұмыс істеу қызметкерлердің өнімділігі мен әл-ауқатына әсер ететін өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты Департамент жұмыс үдерістерін оңтайландыру, күнделікті міндеттерді автоматтандыруға арналған цифрлық шешімдерді енгізу және жұмыс жүктемесін жоспарлауды жақсарту шараларын қолға алды.

«Артық жұмысты азайту — тиімді және тұрақты мемлекеттік қызмет қалыптастырудың маңызды қадамы. Біз мемлекеттік қызметшілерге өз міндеттерін сапалы орындауға және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасауды мақсат етеміз» – деп атап өтті Департамент басшысы Мұрат Байсалов.

Атап айтқанда, мониторинг, талдау және тексерулердің қорытындылары бойынша өңірімізде мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс 5,6 мың сағат жұмыс (үстеме және негізсіз жұмыс) істегені анықталды, оның ішінде 87,1% нақты себептермен мереке және демалыс күндері орын алған.

Тиісті жүргізілген жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге 39,4 млн. теңге көлемінде өтемақы төленді, 3,6 мың сағат қосымша тынығу уақыты берілді.

Мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеуіне әсер ететін факторлардың бірі — мемлекеттік органдардағы бос орындардың болуы. Аталған жағдай қызметкерлер арасында міндеттердің қайта бөлінуіне және олардың жүктемесінің артуына әкеледі.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдардың штаттық саны 2 196 бірлікті құраса, оның 4,6%-ы бос орындар болып қалып отыр, олардың ішінде 33 лауазым үш айдан астам уақыт бойы толтырылмаған.

Осындай жағдайлар облыстық денсаулық сақтау, білім, цифрлық технологиялар басқармаларында, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов аудандарының әкімдіктерінде орын алуда.

Департамент Батыс Қазақстан облысындағы әрбір мемлекеттік қызметші үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында қызметкерлердің жүктемесін бақылауды және ұйымдастыру үдерістерін жетілдіруді жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

БҚО бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале