Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 4 тонна шөп өртенді, - деп жазады 112 kz.
Сурет: telegram.org
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт 24 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.