Бұл акция өрттердің алдын алуға, адам өлімінің алдын алуға және жарақаттануға, өрт қауіпсіздігі саласындағы халықтың құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.

Сурет сайт архивінен
Айлық аясында кең ауқымды, көп қырлы жұмыс жүргізілуде. Облыс бойынша адамдар көп жиналатын орындарда LED экрандарды, дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолдана отырып, оқыту аудио және бейнероликтері таратылады.
Тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер жүргізілуде, әлеуметтік осал азаматтардың тұратын жерлеріне ерекше назар аударылуда. Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану кезінде және т. б. жылыту пештерін нормаларға сәйкес келтіру бойынша көмек көрсетіледі.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, сондай-ақ отпен жұмыс істеу кезінде сақ болуға шақырады!