11.04.2024, 9:58
Оқылды: 26

Батыс Қазақстан облысындағы су қоймаларының деңгейі қандай?

"Бүгінгі таңда «Қазсушардың» су қоймаларының орташа толтырылуы 75% немесе 379,0 млн. текше метрді құрайды (ҚТД 507,0 млн.м³). Филиал Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен күнделікті ақпарат алмасуда", - деп мәлімдеді "Қазсушар" РМК БҚО филиалының директоры Рауан Кусаинов. 

WhatsApp Image 2024-04-09 at 11.05.47

"Ресейлік әріптестердің мәліметі бойынша, Батыс Қазақстан облысының аумағына Приузен су қоймасынан Үлкен Өзенге секундына 30 текше метр шығынымен су тасталуда, Үлкен Өзенде су тасқыны аяқталуда. Сары Өзенде су тасқыны аяқталды. Қазіргі таңда қосөзенге 400,0 млн текше метрден астам тасқын суы алынды. Бұл ағын су лимандарға және табиғи шабындықтарға, сондай-ақ су қоймалары мен көлдерді толтыруға бағытталды", - дейді Рауан Кусаинов.

Бүгінгі күні Шаған су қоймасында судың деңгейі 29,50 м құраған, бір тәулікте 10 см-ге өскен. Су тастағыш иммараты 2023 жылдың күзінен бастап толық ашық, тасқын су иммарат арқылы еркін өтіп Жайық өзеніне тасталып жатыр. Суды жазғы-күзгі мезгілдерге сақтап қалу үшін, су тастағыш иммараты тасқын мөлшері азайған кезде жабылатын болады. Шаған және Деркул өзендерінің бойындағы гидробекеттерде су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне су тастау мөлшері су қоймаға келетін судың азаюына байланысты сағат 08:00-ге секундына 902 текше метрді құраған.

Жайық өзені бір тәулікте 10 см-ге өсіп, сағат 08:00 де 728 см құрады, қауіпті деңгей 850 см құрайды. Су тасқыны басынан бері өзен деңгейі жалпы 6 метрге көтерілді. Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді. Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзені және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен көтерілуі күтілуде.

Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 98,6 текше метр шығынымен су түсуде. Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналуда, 8 сәуірден бастап көлтабандармен мен табиғи шабындықтарға су беру басталды.

Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале