Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1016 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу іс-шараларын жалғастырып жатыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі жазды.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 89%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,6%-ға толы. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 90%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 82,7%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,3%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.