13.01.2025, 8:45
Оқылды: 110

ТЖМ құтқарушысы мемлекеттік наградамен наградталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі және адамдардың өмірін құтқарғаны үшін Қарағанды облысы ТЖД Осакаров ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №17 өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері Сымбат Ещанов «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ТЖМ Телеграмм каналы жазды.

7b4b6c003c071e5a777adbbb3c151290_1280x720

Ерліктің жарқын мысалдарының бірі 2025 жылдың 3 қаңтарында Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолында Нұра-Қарағанды бағытымен келе жатқан автобус қар құрсауында қалып қойған оқиға болды. Құрамында Сымбат Ещанов бар Төтенше жағдайлар министрлігінің тобы дереу шақыру орнына аттанды.

be8b996d323ad715950f23af89c5f08f_1280x720

Сурет: gov.kz

Құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін жағдайды бағалап, 30-дан астам жолаушыны, оның ішінде 5 баланы эвакуациялауға кірісті. Алайда, ауа райының нашарлауына және нөлдік көріну болуына байланысты Сымбат Ещанов құтқарушыларға жол көрсетіп, көліктің алдында жүріп қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етті.

Құтқарушының батылдығы мен жанқиярлығының арқасында барлық жолаушылар эвакуациялау пункттеріне аман-есен жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді. Бұл әрекетімен ол адамдардың өмірін сақтап қана қоймай, жоғары кәсібилік пен өз ісінің маманы екенін көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале