Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"Қашықтықтан" жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу.
4) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау арқылы қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;
5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, жеке және кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, ашық ауада қоғамдық орындарда медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;
- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;
- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12 сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері 2020-2021 оқу жылының II семестрінен бастап санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқытуға көшірілсін.
7) мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып;
8) діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілсін.Бұқаралық ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салу;
9) Азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар (жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысының (бұдан әрі - ҚР МБСД №67) талаптарын сақтай отырып және жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен;
10) азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар (жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатуымен;
11) сауда үйлері мен орталықтары (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін, толтырылуы 1 келушіге 4 ш.м. кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30%-нан артық емес) оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтатуымен;
12) Азық-түлік емес дүкендер (бөлек орналасқан) жұмыс кестесі сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып;
13) қоғамдық тамақтану объектілеріне - ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы 50%-дан асырмай, 30 орыннан артық емес, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етеді, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді).
- жеткізу және шығару жолымен қызметті жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілері ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, нысанның бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес;
- фудкорт қызметіне ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, тек жеткізуге және шығаруға рұқсат беру;
14) сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша (нысанның толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);
15) сауналар, ЅРАцентрлер жұмыс күндері: сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін (1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде, толтырылуы нысанның сыйымдылығының 50% артық емес), сенбі және жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен.
16) спорттық-сауықтыру объектілері (фитнес орталықтар, бассейндер, спорт және тренажер залдары және т.б.) - алдын ала жазылу бойынша, толтырылуы нысанның сыйымдылығының 50% артық емес, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтатуымен;
Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Қоғамдық көліктің жұмысы ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып (қарбалас уақытта автобустар санын арттыру, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, қол жетімді жерлерге антисептиктерді орнату, отыратын орындар саны бойынша толтыру).
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;
- 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;
- жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.
- жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысының (бұдан әрі - ҚР БМСД №68) 1-қосымшасында белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастау;
- қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;
- бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтын пайдалануды;
- шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;
- InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД №67 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін қамтамасыз етсін.
- «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;
- үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;
- келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;
- үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;
- үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;
- келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;
- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.
- Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;
- халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылауды;
- әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;
- карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;
- COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;
- тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;
- үй карантиніндегі байланыста болғандар, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) Қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қол қойғызу арқылы хабарлауды;
- инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
- халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;
- COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
- санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;
- медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
- шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;
- аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысын жандандыру;
- расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдайымен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен айналасындағы адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу;
- COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және ауруханаға жатқызу орындарын күзету;
- бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;
- қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;
- ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау.
2021 жылғы 08 ақпандағы №5 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы»;
2021 жылдың 01 наурызындағы №6 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08 ақпанындағы 2021 жылғы №5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;
2021 жылдың 12 наурызындағы №7 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08 ақпанындағы 2021 жылғы №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
М.Арыспаев,
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері