Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38, 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі-БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі-COVID - 19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. БҚО аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары БҚО аудандарының/Орал қаласының елді мекендерінің аумағында тоқтаусыз жүзеге асырылсын;
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және БҚО келген кезде COVID-19 тестінен өткені туралы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын ПТР әдісімен алынған) анықтамасы жоқ тұлғалар COVID-19 зертханалық тексеру үшін келесі мекенжайлар бойынша орналасқан карантиндік стационарларға баруға міндетті:
- Caspian Offshore Construction Realty, БҚО Бөрлі ауданы;
- «Шұғыла» сауықтыру лагері «Жас туристер станциясы» КММ, БҚО Тасқала ауданы, Тасқала кенті, Рысқұлбеков көшесі, 4А;
- ШЖҚ «Жәнібек аудандық ауруханасы» МКК, БҚО Жәнібек ауданы, Жәнібек кенті, Жеңіс көшесі, 17А;
- ШЖҚ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКК (Ивушка), БҚО Орал қаласы, Санаторий Ивушка көшесі, 1 құрылыс;
3. БҚО аудандарының әкімдері Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін және БҚО келген кезде COVID-19 тестінен (ПТР әдісімен) өткені туралы анықтамасы жоқ адамдарды карантиндік стационарларға дейін тасымалдауды қамтамасыз етсін;
4. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармалары:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы №54 қаулысымен (2020 жылғы 5 қазандағы №55 қаулысымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шектеу шараларының орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етсін;
- жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда қолданыстағы заңнама шеңберінде дереу шаралар қабылдау;
5. Осы қаулының орындалуын бақылау департамент басшысының орынбасары Н. Е. Мұстаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2020 жылдың 17 қазаннан бастап заңды күшіне енеді.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев