11.05.2020, 19:51
Оқылды: 51

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр қаулысына қосымша

Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі жарияланды.
0964F73F-2863-4F95-8867-0F64BD2DFEF1

1) Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

• ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);

• зертханалық қызметтер;

• медициналық орталықтар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;

• стоматологиялық клиникалар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

 2) Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

• электр энергетикалық компаниялар;

• сумен жабдықтау;

• газбен жабдықтау компаниялары;

• жылумен жабдықтау;

• электриктер, сантехниктер қызметтері;

• өрт сөндіру қызметі;

• көшелер мен үй-жайларды жинау жөніндегі қызметтер;  

• қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;

• дезинфекциялау;

• телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);

• қоғамдық көлік қызметтері, ресми тіркелген такси қызметтерін қоса;  

• әуежайлар;

• теміржол бекеттері;

• пошта, курьерлік және жүк қызметтері;

• әлеуметтік қамсыздандыру;

• ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 3) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:

• тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарларды өндіруді қоса;

• ауыл шаруашылығы;

• химреагенттер;

• дәрілік препараттар;

• медициналық жабдықтар/құралдар;

• фармацевтика, химия өнеркәсібі;

• санитарлық гигиена өнімдері;

• үйге арналған қағаз бұйымдар;

• машина жасау;

• металлургия, дайын металл бұйымдарын өндіру;

• жеңіл өнеркәсіп.

• мұнай-газ өнеркәсібі

 4) сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

• 2020 жылғы 12 мамырдан бастап барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, азық-түлік базарлары: жеке қорғану құралдарының: маскалар, қолғаптар, санитайзерлердің, антисептиктердің жеткілікті болуы, үй-жайды дезинфекциялау және желдету, сауда сөрелерінің арасындағы қашықтықты сақтау (тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда) - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

• азық-түлік дүкендері (тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда) - сағат 09:00 ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• дәріханалар;

• АЗС, АГЗС;

• жеткізу қызметі бар мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар (жеткізу үшін ғана, жеткізу қызметі жоқ қоғамдық тамақтану объектілері өз қызметін тоқтата тұруы тиіс)

• құрылыс, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, тұрғын үйді абаттандыру, жол және инфрақұрылым (аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің тізімдеріне сәйкес);

• құрылыс дүкендері, базарлардың аумағында орналасқан нысандарды қоспағанда;

• автоқосалқы бөлшектер дүкендері (базарлардың аумағында орналасқан сауда нүктелерін қоспағанда);

• ауданы 500 ш.м. дейінгі сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік павильондары (тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• ауданы 500 ш.м. дейінгі азық–түлік емес дүкендерге (барлық бағыттар) - базар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан сауда нысандарын қоспағанда, - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• фотосалондар, гүл дүкендері (дүңгіршектер), базарлардың аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан нысандарын қоспағанда.

 5) басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

• тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;

• банктік қызметтер (карантин кезеңінде бөлімшелердің кемінде 50% жабу, жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімдерін банктің сайтында жариялау, алдын алу шараларын қамтамасыз ету және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау арқылы жұмыс режимін сағат 10.00-ден сағат 16.00-ге дейін шектеу, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктері мен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес қала бойынша қозғалысына рұқсат беру);

• қонақүйлер (тек персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

• жатақханалар (тек персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);

• қарттар үйлері;

• балаларға арналған үйлер;

• үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;

• жануарларға арналған орынжайлар;

• жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;

• БАҚ.

• 2020 жылғы 12 мамырдан бастап ХҚКО, бизнес орталықтар (кеңселер);

• Жиһаз өндірісі;

• ТЖО, автожуу, шиномонтаж қызметі;

• шаштараз, сұлулық салондары (жұмыс тәртібі - жазылу бойынша), базарлар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқандарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша ұйымдар, жарнама агенттіктері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• адвокаттық қызметтер және нотариустардың қызметтері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

• ателье және аяқ киім жөндеу - базар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан нысандарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 6) аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.

 7) ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале