ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Нұржан Сапаргелдіұлы Өтепбаев тағайындалды.
Нұржан Сапаргелдіұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Атырау филиалының заң бөлімінің заңгері болып бастады.
Әр жылдары «Аджип ККО» визалық қолдау жөніндегі кеңесші, «Эн Си Продакшн Оперейшнс компани Би Ви» ЖШ жеке компаниясы филиалының корпоративтік қызметін қолдау жөніндегі супервайзері, Бейбарыс-Атырау» хоккейден облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК директоры, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ «Almaty Innovations» инновацияларды дамыту орталығы директорының орынбасары, «Kazakh Invest» «Ұлттық компаниясы» АҚ өңірлік директоры болып жұмыс істеді.
Тағайындауға дейін «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
zhaikpress.kz