25.07.2025, 18:00
Оқылды: 213

Батыс Қазақстан облысының XII Азаматтық форумы аясында "Ата Заң - Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында сессия өтті


Қаламыздағы «Атамекен» өнер ордасының конференц-залында Батыс Қазақстан облысының XII Азаматтық форумы аясында "Ата Заң - Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында №3 панельдік сессия өтті.

05000ba6-4eff-4691-a7cc-6ce6029c1e99

Жиынға өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Әділет Орынбасаров төрағалық етіп, сессияның маңызын атап өтті. Оның айтуынша, екі жылда бір рет ұйымдастырылатын азаматтық форум – қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңы, ал биылғы басқосу Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

b5c1ab98-122c-4d3c-96cd-6f1010368309

Панельдік сессияда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Роман Подопригора, Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Серік Әділкенұлы, Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институты директорының орынбасары Шыңғыс Андабеков баяндама жасады.
00e24345-2b2c-42f0-a06e-02994dfb2902
Сондай-ақ аталмыш іс-шараға облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Жиын соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Ата Заң аясында қоғам мен мемлекеттің әр саладағы дамуына қатысты өзекті мәселелер қозғалды.

Жанерке Мерекеқызы

Фото: Мейірбек Тажкуранов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале