23.07.2025, 9:45
Оқылды: 378

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі көш бастап келеді

Таяуда мемлекеттік емтихан тапсырған еліміздегі медициналық колледждердің түлектерінің арасында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері 85,9 балл жинап, республика бойынша үздік болды.

WhatsApp Image 2025-07-23 at 09.09.40

Айта кетейік, биыл аталмыш оқу орнын техникалық және кәсіптік білім негізінде емдеу ісі, акушерлік іс, мейіргер ісі, гигиена және эпидемиология, лабораториялық дианостика және фармация мамандықтары бойынша 556 түлек бітірді.  Олардың 48-і қызыл диплом алды.

WhatsApp Image 2025-07-23 at 09.09.41

- Бүгінде біздің колледж ұжымы заман талабына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау ісіне елеулі үлес қосуда. Осындай мәртебелі миссияны абыроймен атқарып келе жатқан әріптестеріміздің еңбегінің нәтижесінде республика бойынша көшбастап отырмыз. Мұндай нәтижеге қолжеткізуге колледжде оқу үдерісін ұйымдастыру деңгейінің жоғарлығы, оқу бағдарламаларының тұрақты түрде жетілдіріліп отыратыны, оқытушылар құрамы жүйелі түрде біліктілікті артыратыны, оқуда сандық технологиялардың енгізілуі үлкен септігін тигізді. Түлектеріміз ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін, сырқатына ем, дертіне шипа іздеген талай жандардың көңіліне демеу бола білу керектігін, күндіз-түні адам жанының арашашысы болуы тиіс ізгілікті маман иелері екендігін түсінеді. Оны өздерінің ісімен де дәлелдеп келеді. Сол себепті түлектеріміз еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде облысымыздағы емдеу мекемелерінде еңбек етіп жүрген орта буын медициналық қызметкерлердің 90 пайыздайы біздің түлектеріміз екенін мақтанышпен айтамыз. Осындай мәртебелі мамандық иелерін дайындау бағытындағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да өз нәтижесін береді деп ойлаймын, - дейді Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі басқарма төрағасының орынбасары Асылзада Мұхамбетжанова.

Сәкен Мұратұлы

WhatsApp Image 2025-07-23 at 09.09.39 (1) WhatsApp Image 2025-07-23 at 09.09.39 WhatsApp Image 2025-07-23 at 09.09.38 WhatsApp Image 2025-07-23 at 09.09.37

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале