21.02.2022, 16:10
Оқылды: 43

Батыс Қазақстанда 10 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

Батыс Қазақстан облысында 10 039 адам Pfizer вакцинасын салдырды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 5 242-сі жасөспірімдер болса, 364-і – жүкті, 4 433-і – бала емізетін әйелдер.

F5EF2B3F-374A-40F8-B62D-077468B7B061

Вакцинация басталғаннан бері өңірде 270 815 адам немесе егілуге жататын тұрғындардың 65,4 пайызы бірінші компонентпен егілді. Сондай-ақ 257 006-сы (62 пайызы) екінші компонентті қабылдады. 58 255 адам ревакцинациядан өтті.

Күні бүгін облыста 69 294 доза І, 119 304 доза ІІ компонент бар. Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 493, соның ішінде биыл 9 423 адам коронавирус жұқтырды. Қазіргі кезде 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 121 науқас емделуде. Ауруханалар 16,1 пайызға толған. Соның 111-і Орал қаласындағы 8 стационарда жатыр.

Жансақтау бөлімшесіндегі 19 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 8-і инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, 11-і оттегі концентраторына қосылған. Жыл басынан бері 36 науқас коронавирустан қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 2,3 есеге өсіп кеткенін жазған болатынбыз.
 

inform.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале