18.04.2022, 16:00
Оқылды: 47

Батыс Қазақстанда 2,5 тонна заңсыз балық тиелген көлік аударылып қалды

Батыс Қазақстан облысында 2,5 тонна балық тиелген «ГАЗель» автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың біздің өңірдегі тілшісі.

220418161622258e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Орал қаласына қарасты Деркөл кентінде болған.

Аударылған көлік кузовынан 56 полиэтилен қапқа салынған қарабалық шықты. Көлік жүргізушісі балықты рұқсат қағаздарынсыз тасымалдаған. Тәркіленген 2504 келі балық «Каспий Урал» серіктестігіне сақтауға тапсырылды.

Сондай-ақ, полицейлер «Бекіре» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Орал-Саратов жолы бойында жалған ресейлік нөмір тағылған «ГАЗель» автокөлігі тоқтатылғанын хабарлады. Бұл көліктен рұқсат қағаздары жоқ, 66 қапқа салынған 3 тонна 102 кг қарабалық алынды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді департамент өкілдері.

Еске сала кетейік, Атырауда үш көліктен 100 келіден астам бекіре тұқымдас балық табылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале