9.07.2020, 11:25
Оқылды: 39

Батыс Қазақстанда 37 жедел жәрдем көлігі сатып алынады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында бүгінде баршаны алаңдатып отырған қатерлі дерт коронавирусқа байланысты облыстағы ахуалды баяндады.

DAF7E03F-7736-4834-A72C-E410021A34E2

«Жедел жәрдем қызметіне хабарласатындар саны 600-ден 1100-ге артып отыр. Осыған байланысты жедел жәрдем бригадаларының саны көбейтілді. Қазір 61 бригада жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 бригадаға артық. Шақырулардың көптігіне байланысты жедел жәрдем кейбір науқастарға жай жетуі мүмкін. Алайда адам өміріне қауіп төнген жағдайда жедел жәрдем қызметі еш кідіріссіз жетуі тиіс. Алдағы екі ай ішінде жедел жәрдем стансасына тағы 37 көлік сатып алынады. Оның ішінде 20-сы реанимобиль, - деді.

Облыс әкімі Ғ.Есқалиев ПТР сынамаларына да тоқталып өтті.

«Облыста орташа есеппен  мыңға жуық ПТР зерттеуі жүргізіледі. Төрт лаборатория жұмыс істейді, оның біреуі жеке меншік. Сынама нәтижелерінің кешігуі лаборатория қызметкерлерінің арасында коронавирусқа шалдыққандармен байланысты. Орталықтарда дезинфекция жасалып, карантин шаралары жүргізіледі, - деді облыс басшысы.

Өңір басшысы қатерлі ауруды таратпау жолында барлық азаматтың жауапкершілігі жоғары екендігін баса айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале