9.08.2023, 12:15
Оқылды: 12

Батыс Қазақстанда 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды

Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

43273a08-de1d-440c-a07b-25f4f9095ffd

Фото БҚО ТЖ департаментінен

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 тамыз күні Теректі ауданы Юбилейный ауылында болды.

«Сағат 17.19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале