Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында ауыл әкімінің рульге масаң күйде отырғаны белгілі болды, - деп жазады kaz.inform.kz.

Фото: istockphoto.com
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Чапаев ауылы маңында көлік құралын алкагольдік масаң күйде басқарған жүргізуші анықталған.
— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.
БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін жеткізді.