Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолының 84-шақырымында болды. «Нива Шевроле» автокөлігінің доңғалағы жарылып, аударылған. Соның салдарынан 51 жастағы жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге қырағы да мұқият болып, жол жүру ережесін бұзбау керектігін еске салады.