1.11.2022, 17:15
Оқылды: 47

Батыс Қазақстанда екі автокөлік соғысып, 5 адам зардап шекті

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соғысып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қараша күні сағат 11.00-де Теректі ауданы Төңкеріс ауылы тұсында болды.

«Нива» және «Лада Ларгус» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары жарақат алды. Бес адамның екеуі – балалар. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 11.25-те шақыртылды.

Алдын ала мәлімет бойынша 42 жастағы әйел мен 12 жасар ұл бала жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, маңдай тұсы көгерген. 10 жасар қыз тізе тұсынан жарақат алған. 69 жастағы ер адамның беті көгерген. 36 жастағы ер адамның тізе сүйегі сынған.

Барлығы Теректі аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында алғашқы қар жауғанын, 6 мыңнан астам абоненттің электр жарығынсыз қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда екі айлық сәби ауруханада көз жұмды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале