Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. 28 маусым бойынша 95 жағдай тіркелді, оның 53-інде клиникалық белгілері жоқ болса, 42-сі ауру белгілері бар науқастар.
42 науқастың 22-сі өздерінен бұрын коронавирус инфекциясымен ауырғандармен қарым-қатынаста болған адамдар болса, 2-еуі эпидемиологиялық қадағалау бойынша анықталғандар, ал 18 адам ЖРВЖ белгілерімен өздігінен медициналық көмекке жүгінген.
28 маусымда анықталғандарды аумақтарға бөліп қарастырсақ, Бөрлі ауданында - 5 жағдай, Жәнібекте – 8, Бәйтеректе – 4, Теректі ауданында – 1, Орал қаласында – 24 жағдай тіркелді.
2020 жылдың 28 маусымы бойынша облысымызда коронавирус инфекциясымен 1431 жағдай 821 ошақта тіркелді. 100 тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 218,0 құрады.
03.06.-28.06.2020ж. аралығында ауруының клиникалық белгілері жоқ 1071 тасымалдаушы тіркелді. Облысымызда барлығы 893 адам ауруынан жазылып шықты.
Бүгінгі таңда Ақжайық ауданында – 41 жағдай, Бөкей орда ауданында – 16 жағ, Бөрліде – 41, Жаңғалада – 8, Жәнібекте – 27, Бәйтеректе – 84, Қаратөбеде – 6, Сырымда – 31, Тасқалада – 48, Теректіде – 41, Казталовта – 3, Шыңғырлауда – 6, ал Орал қаласында – 1079 жағдай тіркелді.
Жалпы облысымызда 01.06.2020ж.-29.06.2020ж. аралығында коронавирустық жұқпаның 761 жағдайы тіркелген.
761 жағдайдың 332-сі қарым-қатынастағы адамдар арасынан анықталса (43,1%), 65 адамнан (9,0%) профилактикалық мақсатта тексеру кезінде, 32 адамнан (4,1%) эпидқадағалау бойынша анықталды, ал 332 адам ауру белгілерімен медициналық көмекке өздігінен жүгінген.
Аурушаңдықтың өсім көрсеткіші 28 маусымда 3,0%, ал 27 маусымда 3,3% көрсетті.
25 аптаның орташа көрсеткіші 2,6% құраса,
24 аптаның орташа көрсеткіші 2,5% құраған болатын.
zhaikpress.kz