15.08.2022, 11:15
Оқылды: 64

Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемдегі мұнай өнімдері заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

1

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылдың шілде айынан бастап ҚР мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырды.

Нәтижесінде, дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді.

Аталаған факт бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген ресми хабарламада.

Ведомство мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале