14.10.2022, 11:02
Оқылды: 15

Батыс Қазақстанда Республика күніне орай 200-ден астам шара өтеді

Батыс Қазақстанда 25 қазан Республика күніне орай 200-ден астам мәдени шара өткізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұханғалиев хабарлады.

dad275d4-8ee8-44a0-bf80-2c28af95c063

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан Республика күні тойланатыны туралы Жарлыққа қол қойып, Ұлттық мереке деп бекітті.

-Мемлекеттік мерекені тойлау мақсатында Батыс өңірінде 200-ден астам мәдени шара жоспарланып, мерекелік концерт, театрландырылған қойылым, дөңгелек үстел, кітапхана көрмелері мен музейлерде экскурсия, спорттық шаралар және тағы басқа ауқымды жиындар ұйымдастырылады.

25kazan (1)

Атап айтсақ, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Атамекен» өнер ордасында 22 қазан күні сағат 16.00-де мерекелік концерт өтеді.

Қалалық Жастар сарайының қызметкерлері Тұңғыш Президент алаңында 25 қазан күні сағат 18.00-де «Менің елім, менің Қазақстаным» атты мерекелік концерт ұсынады. Зашаған кентіндегі Алтын Орда мәдениет үйінде «Еңсесі биік - егемен ел» атты мерекелік концерт өтеді.

Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Сырым, Бөрлі, Тасқала аудандарында мерекелік концерт пен салтанатты жиын ұйымдастырылады, - деді Қуанышбек Мұханғалиев.

Ұлттық мереке қарсаңында Теректі  ауданындағы Теректі  ауылында тарихи-өлкетану  музейі, Бәйтерек ауданында «ШЫҢ» сазды-драма театрының ғимараты ашылмақ. Ашылу салтанатында театр А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «РУХ» қойылымын көрермен назарына ұсынбақ.

Айта кетейік, облыс көлемінде өтетін 200-ден астам шараның 90-ы облыстық шаралар жоспарына енген.

Қуанышбек Жанболатұлының айтуынша, мерекені атап өтуде Ұлттық идеяға басымдық берілмек. Мейрам аясында барлық ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградалары табысталады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале