1.04.2026, 9:45
Оқылды: 52

Батыс Қазақстанда Шаған өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 81 сантиметрге көтерілді

 Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте жоғарылады, - деп жазады kaz.inform.kz

90a8ec11-89af-4623-9928-6aff4e90198a

Фото: kaz.inform.kz

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, облыстың бас өзені соңғы тәулікте Бөрлі ауданы Жарсуат ауылындағы гидробекетте 359 (+32, қауіпті шегі — 1 мың см), Бәйтерек ауданы Январцевте 289 (+24), Көшімде 286 (+69), Ақжайық ауданы Мергенде 393 (+20), Тайпақта 123 (+6) сантиметрді көрсетті.

Тек Оралда ғана кешегі деңгейде (254 см) қалды. Қазіргі таңда Жайық өзенінде сең жүріп жатыр.

Жайықтың саласы Шағанда су деңгейі Бәйтерек ауданы Чувашин ауылында бірден 81 сантиметрге көтеріліп, 878 см (қауіпті шегі — 1 300 см) болды. Керісінше Мичурин ауылы тұсында 1 сантиметрге (444 см) төмендеді.

Сонымен қатар Шыңғырлау өзені Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылы тұсында бір тәулікте 12 сантиметрге (355, қауіпті шегі — 700 см) көтерілген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале